RU

"Біреуге керек болар": Алматылықтарды дәріні артығымен сатып алмауға шақырды

Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова онлайн-брифинг кезінде алматылықтарды өз-өзін емдеумен айналыспауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біреуге керек болар": Алматылықтарды дәріні артығымен сатып алмауға шақырды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Өз-өздеріңізде емдеумен айналыспаңыздар. Жергілікті дәрігерге жүгініңіздер, ол сіздерге рецепт жазып берсін. Антиобиотикті бақылаусыз қолдану кезінде туындаған қиындықтар күрделі болуы мүмкін. Азитромицин Covid-19 емдеу үшін қолданылады. Бірақ, өз-өздеріңізді емдемеңіздер, артық дәрілер сатып алмаңыздар. Сізге қазір бұл препарат қажет емес, ал басқа адамға керек. Қазір антибиотиктер келді. Nobel шығарып жатыр, олар дәріханалық ұйымдарда бар", - дейді Дурманова.

Оның сөзінде қауымдастық жұмысты белсенді жүргізуде және дәрілерді рецепт арқылы берілгенін талап етеді.

Дегенмен, Covid-19-дың алдын алу және емдеу үшін қолданылатын антибактериалды дәрі-дәрмектерді дәрігердің рецептінсіз беру туралы ұсыныс енгізілген. Бүгінде бұл мемлекеттік органдардың қарауында дейді Дурманова.

Айта кетейік, елордада жүргізілген кезекті рейд барысында медициналық препараттарды заңсыз саудалаумен айналысқандар ұсталған еді.

Атап айтқанда, Орынбор көшесінде "Фольксваген" автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында Қытайда өндірілген "Lianhua" капсуласының 165 қаптамасы тәркіленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864660-bireuge-kerek-bolar-almatylyktardy-drini-artygymen-satyp-almauga-sakyrdy.html