RU

Алматы қалалық сотының судьясы қайтыс болды

Алматы қалалық сотының судьясы Тұрсын Ясынұлы Нәбиев көз жұмды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық сотының судьясы қайтыс болды
Тұрсын Нәбиев. Фото: Facebook/ Абай Жарылқасын: Facebook

Марқұмның отбасына Алматы қалалық соты, соттар Әкімшісі, Алматы қалалық судьялар одағының филиалы көңіл айтты.

Қалалық сот өкілі Тұрсын Нәбиев жайлы жақсы пікір айтып, оның лайықты өмір сүргенін, спортты жақсы көргенін жеткізді. Марқұм ашық жарқын жан еді дейді баспасөз хатшысы.

Нәбиев Тұрсын Ясынұлы 1958 жылы туған.

1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1986 жылы – Талдықорған облыстық сотының судьялыққа тәлімгері;

1987 жылы – Алматы облысы Гвардей аудандық сотының судьясы, төрағасы;

1993 жылы – Алматы облысы Текелі аудандық сотының төрағасы;

1998 жылы – Алматы облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.

2003 жылдан бастап Алматы қалалық сотының судьясы.

Марқұм Қазақстан халықтар ассамблеясының "Бірлік" алтын медалімен, ІІ дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі", І дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі" төс белгілерімен, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының "Үш би" құрмет белгісімен марапатталған.

Қалалық сотта бүгіннен бастап 14 шілдеге дейін сот ғимараты дезинфекция жұмыстарына жабылатынын мәлімдеді. Аталған күнге белгіленген процестер ауыстырылады.

Айта кетейік, бүгін Маңғыстау облысына еңбектері сіңген бокс бапкерлері Берік Ермағанбетов, Жеңіс Жарылғапов және Ақылбек Теміров коронавирус инфекциясынан көз жұмғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864668-almaty-kalalyk-sotyny-sudasy-kajtys-boldy.html