RU

Молдовада төтенше жағдай 31 шілдеге дейін ұзартылды

Молдовада бүкіл ел аумағында төтенше жағдай 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзартылды. Бұндай шешім ұлттық денсаулық сақтау шұғыл комиссиясының отырысында қабылданған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы МОЛПРЕС-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Комиссия басшысы премьер-министр Иона Кикудың айтуынша, бұл шешім жаһандық және өңірлік тұрғыда күшейіп келе жатқан пандемиялық жағдайға байланысты қабылданған.

Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайдың ұзартылуынан бөлек, кейбір шектеулер күшінде қалады: шетелдіктердің Молдова аумағына кіруіне, салтанатты рәсімдер өткізуге, мектепке дейінгі мекемелердің, демалыс лагерлерінің, түнгі клубтардың, ойын-сауық саябақтарының және тағы басқалардың қызметіне тыйым салынған.

Айта кетейік, Молдова Республикасында бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны – 19 208-ге жеткен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан астанасы Бішкекте карантин күшейтілгенін хабарлаған едік.

Сонымен қатар Өзбекстанда карантин шарасы қайта күшейтілгенін хабарланған болатын.

Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы комиссияның шешімімен Өзбекстанда 10 шілдеден 1 тамызға дейін автокөліктер қозғалысына шектеу қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864673-moldovada-ttense-zagdaj-31-sildege-dejin-zartyldy.html