Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл - біздің жеке сценарий": Тоқаевтың кеңесшісі елдегі ахуал жайлы шындықты айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі Қазақстандағы коронавирус инфекциясына қатысты қалыптасқан жағдай туралы баяндады. Оның сөзінше, қазіргі ахуалға бюрократиямен, жауапсыздықпен бірге келе жатқан сыбайлас жемқорлық себеп болып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ Олжас Құдайбергеновтің ресми Facebook парақшасына сілтеме жасап.

"Дәрі жетпегеннен өлуде": Тоқаевтың кеңесшісі Қазақстандағы ахуал жайлы шындықты айтты
Фото: Facebook/ Олжас Құдайбергенов: UGC

Құдайбергеновтің айтуынша, ел тұрғындары ақ халаттылар мен дәрі-дәрмек жетіспеушілігінен қайтыс болып жатыр.

"Бұл - италиялық сценарий емес, бұл -біздің жеке сценарий. Бірнеше онжылдықта бірге қалыптасқан сыбайлас жемқорлық пен бюрократия және жауапсыздық осындай қайғылы көрсеткіштерге әкеліп отыр", - деп жазды Құдайбергенов.

Президенттің кеңесшісі пандемия салдарынан екі күнде өте көп жақын адамынан айырылғанын айта кетті. Сөзінше, бірнеше күн бұрын ағасы, төрт баланың әкесі дүниеден өткен. Құдайбергеновтің достары мен әріптестері де ата-аналарынан көз жазып жатыр. Аз уақыттың ішінде эпидемия салдарынан 11 танысы қайтыс болған.

Олардың бірі- жақын досының 39 жастағы ұлы.

Экономистің сөзінше, бұл жағдайдың туындауына дәрі-дәрмектердің, мамандар мен ауруханадағы төсек орындардың, сондай-ақ, өкпені жасанды желдету аппараттары мен компьютерлік томографиялардың жетіспеушілігі себеп болып отыр.

Ол үкіметтің жағдайды игере алмай жатқанына сенімді. Құдайбергеновтің айтуынша, Қазақстан билігі мұндай қиын-қыстау кезеңде халыққа төлемақы тағайындау мәселесін қарастыру керек. Себебі, тұрғындар дәрі-дәрмекке ақша табу үшін несие алуға немесе пайызбен қарыз алуға мәжбүр болып отыр.

"Үкімет отставкаға кетсе де, дәл сол ереже бойынша жаңа адамдарды таңдау ештеңе өзгертпейді. Жаңа адамдар мен жаңа тәртіп болуы керек. Сонда ғана эпидемияның келесі толқындары мұндай қайғылы болмайды деп айтуға мүмкіндік бар", - дейді экономист.

Айта кетейік, елімізде коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864675-bl---bizdi-zeke-scenarij-tokaevty-keessisi-eldegi-ahual-zajly-syndykty-ajtty/

pixel