Выйти
RU

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтардан COVID-19 жоқтығы туралы анықтама талап етілмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяға барған қазақстандықтардан COVID-19-дың жоқтығы туралы анықтама сұралатын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтардан Covid-19-дың теріс нәтижесі туралы анықтама талап етіледі

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

The Korea Times басылымының хабарлауынша, үкімет мұндай талаптарды 13 шілдеде Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан және Бангладеш туристеріне енгізген.

Республикадағы эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты осындай шешім қабылданған. Яғни елде сырттан келген жағдайлар тіркеле бастаған.

ПТР тестілеуден басқа, Оңтүстік Корея осы бағытта ұшатын рейстерді жүзеге асыратын әуе тасымалдаушыларға да қойылатын талаптарды күшейткен. Мәселен әуе кемесінің жүктемесі 60 пайыздан аспауы керек.

Қатаң талаптар коронавирус жұқтыру көрсеткіші жоғары елдерден келетіндерге де қатысты болып отыр. Мысалы 23 маусымнан бастап Бангладеш пен Пәкістаннан тұрақсыз рейстерге виза беру тоқтатылған.

Коронавирустың жоқтығы туралы анықтама ұшуға дейін 48 сағат ішінде көрсетілу керек және ол Оңтүстік Корея билігімен келісілген ауруханалардан берілуі тиіс.

Тағы да оқыңыздар

Молдовада төтенше жағдай 31 шілдеге дейін ұзартылды

Сонымен қатар ПТР тестінің болғанына қарамастан, әрбір келген адам 14 күндік оқшаулауға орналастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Еуроодақтың Қазақстан үшін шекарасын әзірге ашпайтынын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңтүстік Кореяда қазақстандықтардан COVID-19 жоқтығы туралы анықтама талап етілмек