Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақ халаттылардың қатысуымен өткен флешмоб жұрттың наразылығын тудырды (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың наразылығын тудырған флешмобтың видеосы пайда болды. Кадрдан медицина қызметкерлерінің жолды жағалай тұрғанын көруге болады. Бұл жайтқа қатысты Түркістан облысының әкімдігі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәрігерлердің қатысуымен өткен флешмоб жұрттың ашуына тиді
Фото: Видеодан кадр: UGC

Желі қолданушылары желіде тараған флешмобты "ерсі" деп тапқан.

Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, бұл жаппай шараға Түркістан облысындағы аурухана қызметкерлері қатысқан.

Аталған жайтқа қатысты облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігерінің "қажетсіз бастамасы" болған. Ол барлық ұжымды 13 шілде күні жол жиегіне шығарған.

Сәкен Қалқамановтың айтуынша, қызметкерлерді алаңдатпау керек еді. Әсіресе, мынадай қиын кезеңде. Тексерістен кейін басшы жауапқа тартылады.

Әкім орынбасарының сөзінше, коронавирус құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздік рәсімі тек үш жерде - Түркістандағы басты тудың, қалалық емхана мен облыс әкімдігінің жанында өткен. Барлық қауіпсіздік шаралары сақталған.

Айта кетейік, бүгін 13 шілдеде қазақстандықтар коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды аза тұтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864685-drigerlerdi-katysuymen-tken-flesmob-zrtty-narazylygyn-tudyrdy-video/

pixel