Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы дүниеден озды

Опубликовано:

Бүгін 78 жасқа қараған шағында белгілі жазушы, әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты Қажығали Мұханбетқалиұлы коронавирустан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы коронавирустан көз жұмды
Видеодан кадр: Aqparat: UGC

Қажығали Мұханбетқалиұлы 1942 жылы 8 желтоқсанда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылында дүниеге келген.

1965 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген. Ақтөбе облыстық телевизия және радио комитетінде редактор, облыстық "Коммунизм жолы" газетінде әдеби қызметкер болды деп жазады "Әдеби портал".

Ол Алматыдағы "Қазақстан" баспасында аға редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, "Қазақ әдебиеті" газетінде жауапты хатшы, "Жаңа фильм" журналында бас редактор қызметтерін атқарған.

Қажығали Мұханбетқалиұлы Сырым Датұлы туралы ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізіп, республикалық "Арыс" баспасынан "Сырым Датұлы" атты жинағын, әдебиет пен өнер туралы, қоғам туралы сан түрлі пікірлер мен мақалалардан тұратын "Тоғысар арнамыз бір толғанғанда..." атты кітаптарын жарыққа шығарған.

Тәуелсіздік жылдарында жазылған сүбелі еңбегі - батыр, би, қайраткер Сырым Датұлы туралы баяндалған "Тар кезең" тарихи романы 2012 жылы оқырмандарына жол тартты.

2014 жылы жазушы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауре­аты атанды.

Ол бірқатар қаламгерлердің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Жазушыға 2002 жылы "Байғанин ауданының құрметті азаматы" атағы берілді. 2003 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.

KAZ.NUR.KZ порталы Қажығали Мұханбетқалиұлының жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864692-belgili-zazusy-kazygali-mhanbetkalily-dnieden-ozdy/

pixel