Выйти
RU

Ұлттық ұланның дәрігері пневмониядан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында Ұлттық ұланның медициналық қызметінің майоры Маратхан Ардан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ұлттық гвардияның әскери дәрігері пневмониядан қайтыс болды

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Әуелде дәрігердің өлімі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған, содан кейін оның әріптестері Sputnik Қазақстан тілшісіне ақпаратты растаған.

Олар майордың Көкшетауда қызмет еткенін және коронавирустың салдарынан туындаған екі жақты пневмониядан қайтыс болғанын хабарлаған.

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 59 899-ға жеткен.

Ал 8 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені коронавирус пандемиясының құрбандары үшін аза тұту күні деп жариялады.

Бүгін 13 шілдеде қазақстандықтар коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды аза тұтуда.

Тағы да оқыңыздар

Президент: Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді

Елорда уақытымен 12:00-де республика бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Аза тұту күнінде мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарындағы мемлекеттік ту түсірілді.

Сондай-ақ, телерадио компаниялары хабар тарату кестесін өзгертіп, ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия құрбандарының жақындары мен туыстарына көңіл айтып, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін қайтыс болған екі дәрігерге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беріп, Алтын жұлдыз және "Отан" орденімен марапаттады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ұлттық ұланның дәрігері пневмониядан көз жұмды