Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда жаңа туған сәбиін сатпақ болған жас ана қолға түсті

Опубликовано:

Өзбекстанның Сурхандария облысында жас ана өзінің жаңа туған қызын 10 миллион сумға (404 289 теңге) сатпақ болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Келіншек қызын сот арқылы өзге әйелге бермек болған, алайда аяқ асты ол ойынан айныпты.

"28 жастағы әйел заңды түрде сот арқылы 35 жастағы Ю.Т. азаматшасына жаңа туған қызын беруге келіскен. Бұл үшін (босану кезінде жұмсалған шығындар мен дәрі-дәрмектер үшін) 1,7 млн сум алған. Алайда ол кенет өзінің шешімін өзгертіп, қызын беруден бас тартқанын хабарлаған", - деп атап өтті ІІМ тергеу басқармасынан.

Бір қызығы, оқиғадан кейін біраз уақыт өткен соң жас ана қызын сатпақ болған адамға қайта хабарласып, бірнеше рет үйіне барып, нәресте үшін 10 млн сум сұрапты. Осыдан кейін азаматша Ю.Т. полиция бөліміне жүгініп, келіншектің үстінен арыз жазған.

Аталмыш арыздың негізінде 3 шілдеде тәртіп сақшылары жедел іс-шара өткізіп, оның барысында төрт айлық қызын сатпақ болған азаматша 10 млн сум ақша алып жатқан жерінен ұсталған.

Аталған факті бойынша Құмқорған АІІБ тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 135-бабы 3-бөлігінің "а" тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Грузияда жаңа туған баласын сатпақ болған ата-ананың ұсталғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864699-zbekstanda-anasy-zaa-tugan-nresteni-400-my-tegege-satyp-zibermek-boldy/

pixel