Выйти
RU

Президент: Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шілде айына мұқтаж қазақстандықтарға 42 500 теңге төленетін болды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Айта кетейік, 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем бұған дейін Төтенше жағдай (15 сәуір мен 11 мамыр аралығы) кезінде табысынан айырылған ел тұрғындарына төленген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілген болатын.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда карантин тағы екі аптаға созылады

Бүгін мемлекет басшысы бұл шаралардың тағы екі аптаға яғни шілденің соңына дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 59 899-ға жеткен.

Бүгін 13 шілдеде қазақстандықтар коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды аза тұтуда.

Елорда уақытымен 12:00-де республика бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланды. Аза тұту күнінде мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарындағы мемлекеттік ту түсірілді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия құрбандарының жақындары мен туыстарына көңіл айтып, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін қайтыс болған екі дәрігерге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беріп, Алтын жұлдыз және "Отан" орденімен марапаттады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президент: Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді