Выйти
RU

Атырауда 145 дәріханаға ең қажетті дәрі-дәрмек таратылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысындағы 145 дәріханаға ең қажетті дәрі-дәрмектер бөлінді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атырауда 145 дәріханаға ең қажетті дәрі-дәрмек таратылды

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бас санитар дәрігердің айтуынша, Атырау облысындағы 314 дәріхананың 223-і Атырау қаласында орналасқан. Дәріханаларды дәрі-дәрмекпен уақытылы қамту үшін 7 шілдеде "Инкар" ЖШС қоймасына 220 млн теңгенің 430 түрлі дәрі-дәрмегі жеткізілген. Оның ішінде азитромицин, цефазолин, цефтриаксон, сондай-ақ, қызу түсіретін дәрілер бар.

"Өңірдегі 145 дәріханаға 13 шілдеде ең қажетті дәрі-дәрмек бөлінді. Күн сайын дәріханаларда дәрі-дәрмектің бар-жоғына мониторинг жүргізіледі. Дәрі бағасының тұрақтылығы мен бір адамға берілетін нормасын сақтау үшін облыстық әкімдік, "ФармҚауымдастық" қоғамдық бірлестігі және Атырау облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті арасында меморандумға қол қойылды.

Тағы да оқыңыздар

Шымкентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілуде

Сондай-ақ, дәрілік препараттардың бағасына бақылау жүргізу үшін тиісті департамент өкілдерінен мобильді топтар құрылды" - деді Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетейік, 9-11 шілде аралығында Жамбыл облысына 98 млн 383 мың теңгеге дәрі-дәрмек партиясы жеткізілген еді.

Ал Атырау облысының бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов аталған қызметке бүгін ғана тағайындалды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда 145 дәріханаға ең қажетті дәрі-дәрмек таратылды