Выйти
RU

Тоқаев қазақстандықтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев қазақстандықтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

Қасым- Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: Instagram

Бұл жайында президент Twitter желісінде жазды.

"Азаматтардың назарын жеке қауіпсіздік шараларын, оның ішінде, бетперде тағып, әлеуметтік қашықтық пен тазалық сақтаудың аса маңызды екеніне аударамын. Егер мұны ұстанбасақ, пандемияға қарсы күресте оң нәтиже болмайды",- деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы елдегі коронавирус жағдайына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылатынын мәлімдеді.

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деп жазды ол.

Тағы да оқыңыздар

Президент: Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді

Одан бөлек, президент шілде айында мұқтаж жандарға 42 500 теңге төленетінін хабарлады.

"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді", - деп жазды президент желіде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев қазақстандықтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды