Выйти
RU

Антикор "СҚ-Фармация" мен медсақтандыру қорындағы жемқорлық фактілерін тексере бастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шетелдік гуманитарлық көмекті таратуды және МӘСҚ қаражатын жымқыру фактісін тексеруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Антикор "СҚ-Фармация" мен медсақтандыру қорындағы жемқорлық фактілерін тексере бастады

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Агенттік мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, жұртшылық пен сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік сегменттегі дәрі-дәрмектердің, медициналық техника мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы - "СҚ-Фармация" ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды бастады.

"Талдау барысында компания қызметінің ұйымдастыру-басқару қызметі мен нормативтік-құқықтық базасы жан-жақты зерделенеді. Нәтиже бойынша оның қызметінің тиімділігін арттыру, ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру, бизнес-процестерді трансформациялау, әкімшілік шығындарды қысқарту, мемлекеттік сатып алуды тиімді ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар енгізіледі",- делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыздар

Елде медициналық маска бағасы 118 теңгеден 85 теңгеге арзандатылды

Компания басшылығы мен қызметкерлері тарапынан анықталған құқық бұзу фактілері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Сонымен қатар, агенттік жұртшылықпен бірлесіп COVID-19-бен күреске бағытталған шетелдік гуманитарлық көмекті таратуды тексеруде.

"Сондай-ақ, Сыбайлас қызметтің сатып алынатын қызметтердің бағасын асыра көтеру арқылы "Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры" КЕАҚ қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлаймыз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", - деп мәлім етті агенттіктен.

Айта кетейік, осыған дейін үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы "СҚ-Фармация" қызметін жемқорлық тұрғысынан тексеруді тапсырған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Антикор "СҚ-Фармация" мен медсақтандыру қорындағы жемқорлық фактілерін тексере бастады