Выйти
RU

Қапшағай суынан коронавирус шыққаны рас па: Қала билігі жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Қапшағай су қоймасынан коронавирус шықты деген ақпарат тарап кетті. Бұл мәліметке қатысты қала билігі жауап беріп, оның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қапшағай суынан коронавирус шыққаны рас па: Қала билігі жауап берді

Фото: youtube.com/ Danya Novikov: Instagram

Қапшағай қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ақпараты бойынша, қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі Қапшағай су қоймасынан коронавирус инфекциясының қоздырғышының бар-жоғын зерттеу үшін су сынамасын алмаған.

"Коронавирус инфекциясы қоздырғышының болуын зерттеу үшін биологиялық материал - мұрын-жұтқыншақ шырышы ауруға күдікті науқастардан немесе алдын алу мақсатында адамдардан алынады.
Бірақ, Қапшағай қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы жыл сайын мамырдан қыркүйекке дейін Қапшағай су қоймасының эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша тырысқақ вибрионына, А вирусты гепатитіне және энтеровирустарға зерттеулер жүргізеді",- деді ведомствода.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды

Айта кетейік, әлеуметтік желіде коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқандар айыппұл төлеуі, тіпті, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1646 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 59 899-ға жетіп отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қапшағай суынан коронавирус шыққаны рас па: Қала билігі жауап берді