Выйти
RU

Қазақстандық атақты композитор қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ мәдениеті тағы бір тарланынан айырылды. Ел арасында кеңінен танылған "Тамшылар ", "Есіл ағады" сияқты әндердің авторы, композитор Ахмедия Есмұханов өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook

Фото: Facebook: Instagram

Қаралы хабарды Әлихан Бәйменов өзінің Facebook парақшасында жеткізді.

"Сазгер Ахмедия Есмұханов мәңгілік сапарға аттанды. Ахаң өзінің сұлу сазды әндерімен тұтас бір ұрпақтың жүрегін сұлулыққа тәнті етіп , үйлесімдікке тәрбиеледі, қазақ музыкасы тарихында өшпес із, мол мұра қалдырды. Ардақты аға досымыздың жарқын бейнесін, аңқылдаған ақ көңілі мен жарасымды сыпайы әзілін енді тек сағынышпен еске алатын болдық.

Көкіректері қарыс айрылып, жүректері қан жылап, бауырлары езіліп отырған жан жары Сәлимаға, ұлы Медет пен қызы Динараға, Болат ағамыз бен Мара жеңгемізге, барша жақындарына қайғыларына ортақтаса көңіл айтамын.

Асыл аға, адал досымыздың жаны жәннатта, иманы саламат, жатқан жері жарық , топырағы торқа, арты қайырлы болсын", - деді ол.

KAZ.NUR.KZ порталының редакциясы Ахмедия Есмұхановтың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.

Еске сала кетсек, коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты 13 шілде Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық атақты композитор қайтыс болды