Выйти
RU

Өкпе зақымданған кезде қымыз бен шұбат ішуге бола ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова өкпесі зақымдалған науқастарға халық медицинасының маңызы туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Sputnik / Анатолий Устиненко

Sputnik / Анатолий Устиненко: Instagram

Профессор коронавирус инфекциясынан өкпесі зақымдалған пациенттерді емдеуде ең маңыздысы тыныс органдарын оңалту екенін жеткізді. Сондықтар медицина қызметкерлері науқастарға тыныс алу гимнастикасымен айналысуға кеңес береді. 

"Күніне үш рет 10-15 минуттан қарапайым жаттығу жасап тұрыңыздар. Терең дем алып, демді шығару өкпе жұмысын жақсартады", - деді Сәуле Қасенова.

Оның сөзінше, тыныс жаттығуларынан бөлек, оңалту кезінде халық емінің де маңызы зор.

"Біз ұлттық сусынымыз – қымыз бен шұбаттың емдік қасиетін жақсы білеміз. Егер пациентте панкреатит немесе асқазан-ішек жолдарының басқа аурулары болмаса, оларды іше беруге болады. Себебі ол витаминдер мен микроэлементтерге өте бай. Коронавирус ағзаға ауыр соққы болғандықтан, қымыз бен шұбат қайта қалпына келуге көмектеседі", - деді пульмонолог.

Сонымен қатар, Сәуле Қасенова түрлі фитопрепараттар мен шөп тұнбаларын қолдануға кеңес берді.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан емделу кезінде денсаулыққа кері әсер ететін алты әдісті атаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өкпе зақымданған кезде қымыз бен шұбат ішуге бола ма