Выйти
RU

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 13 миллионнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны 13 миллионнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Джон Хопкинс университеті таратқан ақпаратқа сәйкес, әлем бойынша қауіпті дерттен қаза тапқандар саны 570 776 адамды құраған.

Сонымен қатар, 13 006 764 адамның қауіпті вирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың басым бөлігі АҚШ-та (3 346 246) тіркелген.

Екінші және үшінші орындарда Бразилия (1 864 681) мен Үндістан (878 254) тұр.

Ал Ресей төртінші орында. Солтүстік көршілерімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 733 699 адамды құраған.

Соңғы деректерге жүгінсек, Қазақстанда COVID-19 вирусы алпыс мыңға жуық адамнан анықталды. Өкінішке қарай, қатерлі індет 375 науқастың өмірін жалмады.

Тағы да оқыңыздар

Бір тәулікте коронавирустан Бразилияда 631, Үндістанда 500 адам көз жұмды

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы елдегі коронавирус жағдайына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылатынын мәлімдеді.

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деп жазды ол.

Одан бөлек, президент шілде айында мұқтаж жандарға 42 500 теңге төленетінін хабарлады.

"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді", - деп жазды президент желіде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 13 миллионнан асты