Выйти
RU

Қазақстанның саяхатшылары Оңтүстік Корея мен Венгрияда қара тізімге енді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Корея мен Венгрия Қазақстанды коронавирус инфекциясы бойынша қауіпті елдердің санатына қосқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, енді аталған елдерге баратын қазақстандықтарда коронавирус жұқтырмағаны туралы анықтама болуы керек. Оны ұшуға 48 сағат қалғанға дейін алған жөн.

Осыған қарамастан, отандастарымыз аталған елдерде екі апта карантинде жатады.

Қазақстандықтардан бөлек қара тізімге Қырғызстан, Пәкістан, Бангладеш азаматтары кірген.

Соңғы деректерге жүгінсек, Қазақстанда COVID-19 вирусы алпыс мыңға жуық адамнан анықталды. Өкінішке қарай, қатерлі індет 375 науқастың өмірін жалмады.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы елдегі коронавирус жағдайына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылатынын мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 13 миллионнан асты

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деп жазды ол.

Одан бөлек, президент шілде айында мұқтаж жандарға 42 500 теңге төленетінін хабарлады.

"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді", - деп жазды президент желіде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның саяхатшылары Оңтүстік Корея мен Венгрияда қара тізімге енді