Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімге айтпадым": Оразымбетова анасының ауырғаны жайлы сырын ақтарды

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Гүлнұр Оразымбетованың анасы ауырып, 24 күн бойы ауруханада жатқан. Өнер иесі отбасындағы бұл жағдай туралы ешкімге тіс жармаған. Ол анасы сауығып кеткенше өзін қоярға жер таппай, қатты қиналғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/gulnurorazymbetova.
Фото: Instagram/gulnurorazymbetova.: Instagram

Гүлнұр Оразымбетова басынан өткерген ауыр кезең туралы Instagram желісінде жан сырын ақтарды.

Белгілі болғандай, әнші ауырып қалған анасына қажетті болған дәрі-дәрмекті Қызылордаға ұшақпен жіберіп отырған.

Арада бір айға жуық уақыт өткеннен кейін дәрігерлер емінің арқасында өнер иесінің анасы жазылып, ауруханадан шыққан.

"Бүгін кешке анаммен сөйлестім. Ауруханадан аман-есен сауығып шықты. Шүкір. Соңғы 24 күн мен үшін қиынның қиыны болды-ау. Анамның ауырғанын ешкімге айтпадым.

Қызылордаға сұраған дәрісін астанадан зорға тауып, ұшақпен жеткіздік. Уайым. Түнгі ұйқы жоқ. Телефон шырылдаса, жүрегім зу етіп. Шүкір. Ол күндер артта қалды. Қайтып келмесін.

Анаммен сөйлесіп отырсам айтқаны: "Дәрігерлерге бас идім, 8 сағат кезекшілікте скафандрмен жүріп қанша жанды емдеп шығару тек солардың жанкешті еңбегі, ерлігінің арқасында болып жатыр".

Жандарым-ау, арасында жылы сөздерін айтып қояды дейді. Қымбатты, ақ халатты аяулы жандар, аман болыңыздар! Өмірдің бар қызығын, жақсылығын көріңіздер! Аман-есен осы індеттен шығайық!

Концертімнің төрінде тек өздеріңіз отырасыздар!

Алла тағалам бұл қиын күндерден аман шығуды бұйыртсын. Қызылода қаласындағы облыстық медицина орталығының дәрігері Құламерген мырзаға, инфекциялық аурухана дәрігерлеріне айтар алғысым шексіз!

Барлық ауырып жатқан жандар,аман-есен сауығып,отбасына оралыңыздар! Төңірегіміз түгел болғай" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1864751-eskimge-ajtpadym-orazymbetova-anasyny-auyrgany-zajly-syryn-aktardy/

pixel