Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 62 мыңға жуықтады

Опубликовано:

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1856 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 61 755-ке жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook
"Қазақстанда өткен тәулікте 1856 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 1011 адамда клиникалық белгілері жоқ", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 211 / 62

Алматы қаласы - 220 / 86

Шымкент қаласы - 80 / 51

Ақмола облысы - 39 / 20

Ақтөбе облысы - 171 / 145

Алматы облысы - 79 / 50

Атырау облысы - 190 / 158

Шығыс Қазақстан облысы - 225 / 106

Жамбыл облысы - 78 / 61

Батыс Қазақстан облысы - 138 / 78

Қарағанды облысы - 102 / 41

Қостанай облысы - 46 / 27

Қызылорда облысы - 62 / 28

Маңғыстау облысы - 24 / 15

Павлодар облысы - 73 / 8

Солтүстік Қазақстан облысы - 59 / 27

Түркістан облысы - 59 / 48

Соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті инфекция салдарынан 375 науқас көз жұмды, Өткен бес тәулікте вирус 111 адамның өмірін жалмағаны хабарланды.

Еске сала кетсек, коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты кеше Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864759-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-62-myga-zuyktady/

pixel