RU

Дәмханада түстенген арудың аузында тірі құрт пайда болды

Жапонияның Токио қаласының тұрғыны мейрамханада сашими жеп болғаннан кейін оның аузында құрт пайда болды. Сирек кездесетін медициналық жағдай америкалық БАҚ беттерінде жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

Дәмханада түстенген арудың аузында құрт пайда болды
Фото: ajtmh.org: UGC

Аты-жөні жасырын болып қалған 25 жастағы бойжеткен бес күн бойы тамағында ауырсыну мен тітіркенудің барын сезген.

8 шілдеде ол ауруханаға түседі. Медициналық тексеру кезінде дәрігерлер оның сол жақ сүйегінің аймағында тірі құрттың барын анықтапты.

Паразиттің ұзындығы 3,8 сантиметрді құраған. Алайда науқастың қан анализі қалыпты болып шыққан.

Қыздың ауыз қуысындағы құрт пинцет арқылы шығарылыпты. Осыдан кейін оның денсаулығы айтарлықтай жақсарған.

Естеріңізге сала кетейік, екпе арқылы бет пішінін өзгертпек болған аруды туыстарының танымай қалғаны туралы жазған едік.

19 жастағы София Маррокуин өзінің дөңгелек бетіне риза болмай, арнайы маманның көмегіне жүгініп, бетінің пішінін сәл өзгертпек болыпты.

Алайда косметологиялық процедураның нәтижесі өзі ойлағандай болмай шыққан.

София, өзін түбегейлі өзгертуді қаламаған. Тек екпе арқылы бетіндегі артық майды кетірмек болыпты. Ол үшін бойжеткен арнайы косметолог маманның көмегіне жүгінген.

Десе де, бұл процедура да София үшін оңайға соқпаған. Себебі екпенің өзі ол үшін ауыр болған. Ал маманның кабинетінен шыққан кезде арудың беті бірден көгеріп кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864762-dmhanada-tstengen-arudy-auzynda-tiri-krt-pajda-boldy.html