RU

"Қашықтан оқытуды ұсынамын": Министр маңызды мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цой үкімет отырысында 1700-ден астам бала коронавируспен ауырып жатқанын мәлімдеді. Ол індеттің таралуын тоқтату мақсатында өз ұсынысын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі

Фото: Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі: UGC

Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 61755 адамнан анықталған.

Оның ішінде 25448 емделіп жатса, 35 911-і қауіпті дертті жеңді.

"Коронавирус тәулігіне 1700-1800 адамға тұрақтанды. Жағдайды одан әрі тұрақтандыру бойынша өңірлердегі шаралардың тиімділігі 17 индикатор бойынша  бақылау жүргізіліп жатыр. Тағы қосымша 4 индикатор бойынша жұмыс жүргізу қарастырылып отыр, - деді Цой. 

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, бүгінде 1700-ден астам бала ауырып жатыр.

Ол күндізгі оқуды іске қосу балалар арасындағы ауруды өршітіп жіберуі мүмкін екенін жасырмады.

"ЖРВИ-дің маусымдық деңгейде артуы мен коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың күрделілігіне байланысты оқу жылының алғашқы тоқсанында аз комплектілі мектептерді есептемегенде, барлық сыныпты қашықтан оқыту жолдарын қарастырған дұрыс деп есептеймін, - деп түсіндірді министр.

Тағы да оқыңыздар

Елімізде карантин режимі созыла ма: Министр көпті мазалаған сауалға жауап берді

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында әкімдіктерді жаңа оқу жылына дайын болуға шақырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қашықтан оқытуды ұсынамын": Министр маңызды мәлімдеме жасады