Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны 400-ге жақындады

Опубликовано:

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы министрлер кабинетінің онлайн-отырысында елдегі коронавирус дерті мен қайтыс болғандар туралы жаңа мәліметтерді жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 396-ға жетті
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Министр Алексей Цойдың айтуынша, бүгінде Қазақстанда коронавируспен ауырған 396 адам қайтыс болған.

Жалпы елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 61 мыңнан асады.

25 мыңнан астам науқас инфекциядан емделіп жатса, 36 мыңға жуық адам жазылып, ауруханадан шығарылған.

Өткен карантиндік аптада 12,7 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырған.

Алексей Цой еліміздегі коронавирус жағдайы тәулігіне 1700-1800 жұқтыру дерегі бойынша тұрақтанғанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1856 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 61 755-ке жетіп отыр.

Бұған дейін елімізде қауіпті инфекция салдарынан 375 науқастың көз жұмғанын жазған едік, ал өткен бес тәулікте вирус 111 адамның өмірін жалмағаны хабарланды.

Еске сала кетсек, коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты кеше Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864774-elimizde-koronavirustan-kajtys-bolgandar-sany-400-ge-zakyndady/

pixel