RU

"Бұйырса бірге боламыз": Дәурен Айдарқұлов бірінші әйелімен қайта қосылмақшы ма

Осыдан бірер күн бұрын екінші жары Ақбота Сейітмағамбетпен заңды түрде ажырасқанын хабарлаған Дәурен Айдарқұлов тағы да ел талқысына түсті. Бұл жолы желідегілер актердің бірінші әйелімен қосылайын деп жүргенін болжауда. Олардың бұл ойына өнер иесінің желідегі жазбасы түрткі болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/daurenaidarkulov.
Фото: Instagram/daurenaidarkulov.: Instagram

Дәурен Айдарқұлов Instagram парақшасында анасы мен бірінші некесінде туған үш баласымен түскен суретімен бөлісіп, желіде қызу талқыға түсті.

Белгілі актер фотоның анықтамасына "ИншаАллаһ жақында бірге боламыз" деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл сөйлеміне қатысты жарыса пікір білдіріп, өз болжамдарымен бөлісті.

Олардың пайымдауынша, әзілкеш алдағы уақытта бірінші әйелімен қосылуға ниетті.

"Ат айналып қазығын" табады деген бар. Солай болып тұрған секілді" , "Жылтырағанның бәрі алтын емес екенін түсінген болар" , "Жақында бірге боламыз дегенге қарағанда бірінші әйеліне қосылатын сияқты ғой" , "Бірінші әйеліне қосылғаны дұрыс" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет "Гламур для дур" фильмінің түсірілімі кезінде танысқан.

Қос жұлдыздың кинодағы махаббаты шынайы өмірде жалғасын тауып, олар отбасын құрды. Алайда, араға төрт жыл тастап, өнер иелері ажырасуға шешім қабылдаған. Олардың ортақ екі баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864776-bjyrtsa-birge-bolamyz-ajdarklovty-birinsi-jeline-kosylajyn-dep-zrgeni-ras-pa.html