Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42 500 теңгенің кімдерге төленетіні белгілі болды

Опубликовано:

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отысында шілде айына әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Ел президентінің тапсырмасымен шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақыны ең төменгі жалақы мөлшерінде бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі", - деді үкімет басшысы.

Сонымен қатар, премьер-министр еңбек министрлігіне азаматтардың жекелеген санатына азық-түлікке ақшалай көмек беруді жалғастыруды тапсырды. Оның сөзінше, бұл санатқа бір миллионнан астам адам кіреді.  

Еске сала кетсек, кеше мемлекет басшысы елдегі коронавирус жағдайына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылатынын мәлімдеді.

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деп жазды ол.

Одан бөлек, президент шілде айында мұқтаж жандарға 42 500 теңге төленетінін хабарлады.

"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді", - деп жазды президент желіде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864777-42-500-tegeni-kimderge-tlenetini-belgili-boldy/

pixel