Выйти
RU

Бастауышта оқитын оқушылар үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында оқу жылын қашықтан бастау туралы ұсынысын айтып, дайындық барысы туралы сөз қозғады. Сонымен қатар ол бастауышта оқитын оқушылар үшін кезекші сыныптар жұмыс істейтінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Аймағамбетовтың айтуынша, министрлік әкімдіктермен бірлесіп, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындықты белсенді жүргізіп жатыр.

"Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, жыл сайын білім алушылардың 70 пайызы тұмау жұқтырады. Сондай-ақ білім саласы қызметкерлерінің коронавирус және басқа да вирустарды жұқтырып алу қаупі жоғары. Біз үшін ең бастысы балалар мен ұстаздардың өмірі мен денсаулығы", - деді ол. 

Білім және ғылым министрі осыған орай бірқатар шешім ұсынды. 

Тағы да оқыңыздар

"Қашықтан оқытуды ұсынамын": Министр маңызды мәлімдеме жасады

  • Еліміздегі шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылдық мектептерді қоспағанда, 1 қыркүйектен бастап республиканың барлық мектептерінде 1-11-сыныптар үшін оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтан оқыту форматында өткізу.
  • Ата-аналардың өтініші бойынша қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмысын істеуге мүмкіндік беру.
"Бұл жағдайда балалар тек қана бір кабинетте оқиды, қоңырау әртүрлі уақытта болады. Кіреберісте дене қызуын өлшеу шарасын ұйымдастырамызә, - деді Аймағамбетов. 

Министрдің сөзінше, бір сыныпта 15 баладан артық отырмайды.

Еске сала кетсек, бүгін үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылында орта мектеп үшін бірінші тоқсанды толықтай қашықтан оқуға ауыстыруды ұсынған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бастауышта оқитын оқушылар үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді