Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алла қалауымен алтау болдық": Сәбит пен Айгүлдің ұлы жаңа туған інісі жайлы айтты

Опубликовано:

Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаеваның ортақ ұлы үшінші мәрте үйленген әкесінің тағы да балалы болғанына қатысты өз ойын айтты. Асылжан Әбдімүтәлиев інілі болып жатқанына қуанышты екенін жеткізіп, жаңа туған сәбиге қандай ат қойылғанын жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/asek33.
Фото: Instagram/asek33.: Instagram

Әбдіхалықовтың тұңғышы Instagram желісінде аға атанғанын хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұраған.

Белгілі болғандай, дүние есігін енді ашқан нәрестеге Хақ Назар деген есім берілген.

"Әр адам тек Алланың қалауымен дүние есігін ашады. Әр құбылыс бір Алланың қалауымен болады. Алланың қалауымен 6-ау болдық. Осы қиын заманда Алланың назарында осы қиыншылықтан шығайық деген ниетпен Хақ Назар есімді інім дүниеге келді. Алдымызда күтіп тұрған кең заманның белгісі болсын" , - деп жазды Асылжан.

Айта кетейік, Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі Динара Абдуллина тоғызыншы шілде күні босанған болатын. Жас актриса алғаш рет ана атанса, оның жолдасы үшін бұл алтыншы баласы болып табылады.

Еске сала кетейік, Әбдіхалықовтың Айгүл Иманбаевадан бір ұлы болса, екінші келіншегі Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар.

Өткен жылдың желтоқсан айында өнер иесі үшінші мәрте үйленген болатын. Оның таңдауы Мүсірепов атындағы театрдың актрисасы Динара Абдуллинаға түскен болатын. Ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы - 16 жас.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1864795-alla-kalauymen-altau-boldyk-sbit-pen-ajgldi-ly-zaa-tugan-inisi-zajly-ajtty/

pixel