Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды

Опубликовано:

Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев өмірден өтті. Бұл ақпаратты министрлік растап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Видеодан кадр/Youtube
Фото: Видеодан кадр/Youtube: UGC
Өлімнің нақты cебебі айтылған жоқ. Алайда ведомство кейінірек толығырақ ақпарат беретінін жеткізді.

Бақыт Құрманбаев 1970 жылы Өскемен қаласында туған. 

1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін бітіреді. 

2005 жылы Ресей Федерациясының Құрылық әскерлерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясын, 2008 жылы Ресей Федерациясының Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясы Жоғарғы академиялық курстарын тәмамдаған.

  • 1987-1988 жылдары – ДЭУ-228 жұмысшысы.
  • 1991-1993 жылдары – Алматы қаласы орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі.
  • 1993-2003 жылдары – Ұшыру қондырғысы взводының командирі, зениттік зымыран батареясының командирі, зениттік зымыран полкі командирінің қару-жарақ бойынша орынбасары – техникалық бөлімнің бастығы.
  • 2003-2005 жылдары – Әскери·академияның тыңдарманы.
  • 2005-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар басшыларының комитеті Департаментінің аға офицері, бөлім бастығы, басқарма бастығы.
  • 2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының инспекторы.
  • 2010-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Департамент бастығының орынбасары, бастығы.
  • 2017 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
  • 2019 жылдың сәуір айынан бастап Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. 

Марқұмның әскери атағы – генерал-майор. 2-дәрежелі «Айбын» орденімен (2007) және түрлі медальдармен марапатталған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың пневмониядан қайтыс болғаны хабарланды. Өңір басшысы Амандық Баталов Facebook желісіндегі парақшасында марқұмның жақындарына көңіл айтты.

"Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864814-korganys-ministrini-orynbasary-bakyt-krmanbaev-kajtys-boldy/

pixel