Выйти
RU

Жұмбақ пневмония: ДДСҰ сарапшылар тобын Қазақстанға жібереді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Каролин Кларинвал көптеген адамдарда болған "белгісіз" пневмонияға қатысты жағдай туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ БҰҰ жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

Жұмбақ пневмония: ДДСҰ сарапшылар тобын Қазақстанға жібереді

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Кларинваль Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты сұхбат берді. Ол коронавирус инфекциясының өршуі және біздің елімізде қалай күресіп жатқандығы туралы айтты.

Сонымен қатар, ол желіде таралған "белгісіз" пневмония туралы ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.

Өткен бейсенбіде доктор Майк Райан бұл жағдайлардың КВИ-мен де байланысты екенін айтты.

ДДСҰ-ның Қазақстандағы басшысы бұл пневмонияға қатысты асығыс тұжырым жасамау керектігін айтты. Ауру саны шынымен де өсті, ДДҰ бұл мәселені шешуді тапсырды. Кларинваль қазақстандық денсаулық сақтау министрлігінің де барлық мән-жайды анықтап жатқанына назар аударды.

Тағы да оқыңыздар

"Дайын емхананы жабық ұстау – қылмыс": Депутат ӘМСҚ жұмысына нарзылық білдірді

Оның айтуынша, ауру жағдайлары бұқаралық ақпарат құралдарын да бейжай қалдырмады, назарын өзіне аударды, алайда қорытынды қажетті мәліметтерді алғаннан кейін ғана жасалады.

Кларинвальдің дәрігер Райанның сөзіне сүйене отырып, мұның шамамен COVID-19 болуы мүмкін. ДДСҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілдігі басшысының айтуынша, кейбір науқастар медициналық көмекке кешігіп жүгінуі мүмкін, оларда пневмония белгілері бар, бірақ мамандар вирусты анықтай алмайды.

Сонымен қатар, ол зертханалардың мүмкіндіктерін білу керек, талдау жалған теріс нәтиже көрсетуі мүмкін екенін алға тартты.

Мұның себептері әртүрлі болуы мүмкін, дегенмен Кларинваль тұжырым жасауға әлі ерте деп отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жұмбақ пневмония: ДДСҰ сарапшылар тобын Қазақстанға жібереді