Выйти
RU

"Әдеттегідей шетелге кеткендей": Меруерт Түсіпбаева Берік Ысмайыловты есіне алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жұлдызы Меруерт Түсіпбаева бір апта бұрын қайтыс болған белгілі дизайнер Берік Ысмайыловқа жүрекжарды жазбасын арнады. Өнер иесі өзі жақсы араласқан сәнгерді есіне алып, оның қандай адам болғанын айтып берді. Әншінің сөзінше, марқұм көпшілікті жалындата алатын мотиватор болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva.: Instagram

Меруерт Түсіпбаева Ысмайыловты өзі білетін ең еңбекқор адамдардың бірі екенін айтты. Дизайнер жүрегіне ота жасалғаннан кейін де, бірден жұмысқа кірісіп кеткен.

"Сіз туралы өткен шақта жазу, мен үшін- қасірет. Сансыз көйлек тігіп едіңіз. Солардың бәрі сақтаулы. Ешкімге бермеппін, сатпаппын. Бәрі тұр, ілулі. Уақытта зымырап өтуде. Эй, дүние-ай! Ертең жетісі, жеті күн сіздің немерелеріңіз, балаларыңыз, жұбайыңыз, зар илеп жоқтаған жұртыңыз, сіздің ,бұл дүниеде жоқ екеніне әлі сенгісі жоқ достарыңыз. Әдеттегідей, алыс сапарға шетелге кеткендейсіз.

Тағы да оқыңыздар

Түркістан әкімі: Басымнан өткен қиындықтар тірі жанға бұйырмасын

От едіңіз! Жаныңыздағы адамдарды тұтатып, жалындата алатын мотиватор едіңіз! Сіздің тыным таппай, “шауып” жүргеніңізді көргенде, әсіресе жүрегіңізге жасалған отадан кейін мен, өзімді ең жалқау айел санап, өзім үшін ұялатынмын. Өзіңіз үшін емес- басқалар үшін арнадыңыз қысқа ғұмырыңызды. Иманды болыңыз асыл досым, жаныңыз жәннәтта болсын" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Әдеттегідей шетелге кеткендей": Меруерт Түсіпбаева Берік Ысмайыловты есіне алды