RU

Нұр-Сұлтанға 16 тонна жүк тиелген тағы бір ұшақ келіп қонды

Нұр-Сұлтанға коронавирус, пневмония және басқа да ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер тиелген тағы бір жүк ұшағы келіп қонды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

оооооооооо
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі: UGC

Бұл тауарлар гуманитарлық көмек емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алған. Үкімет пен Нұр-Сұлтан әкімдігі логистика, дәрі-дәрмектерді сатып алу мен импорттауды жеңілдетуде қолдау көрсетуде. Сонымен қатар, елорда әкімдігі дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін дистрибьюторларға айналым қаражатын бөледі.

Осылайша, жүк ұшағымен екінші жеткiзілімде елордаға қосымша 16 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл – 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы. Келіп түскен тауарлардың тізімінде 400-ге жуық дәрі-дәрмек түрі бар. Мысалы, ксарелто, парацетамол, офлоксацин, ибупрофен, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен және т.б. Еске салсақ, 12 шілдеде елордаға 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жеткізілді.

Қазір Феникс, Гиппократ, Цветная, Максима Фарм, Частная, Медилаб, Салауат, А-Фарма және т.б. ірі дәріхана желілерін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Елорда дәріханаларына дәрі-дәрмектерді жеткізу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Еске салсақ, Араб шейхі Қазақстанға салмағы 7,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Жүгі бар ұшақ БАӘ-ден Ақтауға ұшып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864835-nr-sltanga-16-tonna-zk-tielgen-tagy-bir-sak-kelip-kondy.html