RU

Аймағамбетов Қазақстандағы балабақшалардың жұмысы туралы айтты

Білім және ғылым министрі карантин кезеңіндегі балабақшалардың жұмысы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Аймағамбетов Қазақстандағы балабақшалардың жұмысы туралы айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Министрдің айтуынша, бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

"Қазіргі уақытта карантинді ұзарту туралы шешім қабылданды. Ал мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді. Осы уақыттан кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты, оның ішінде кезекші топтардың жұмысы туралы шешім қабылданады. Біз бұл процеске белсенді түрде қатысамыз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды", - деді Білім және ғылым министрлігінің басшысы ОКҚ брифингінде.

1 қыркүйектен бастап мектеп оқушылары, университет студенттері мен колледждер үшін оқу жылы қашықтықтан басталады. Айта кету керек, тек кішігірім ауылдық мектептер бұл ретте есепке алынбайды.

Сондай-ақ, ұялы байланыс операторлары мұғалімдер мен оқушылар үшін арнайы тарифтік жоспар әзірлеп жатқанын жазған едік.

Бұл туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

Ведомство басшысы аталған тарифтік жоспардың мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз қоңырауларды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ДДСҰ Қазақстанға сарапшылар тобын жібермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864836-ajmagambetov-kazakstandagy-balabaksalardy-zmysy-turaly-ajtty.html