Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Омбы тұрғыны аяғы ауыр сүйіктісін өлтіріп, денесін өртеп жіберген деп күдіктелуде

Опубликовано:

33 жастағы аяғы ауыр сүйіктісін өлтіріп, денесін өртеп жіберді деген күдікпен Омбы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Оқиға 12 шілде күні Омбыдағы 28- Солтүстік көшесінде орын алған.

Тергеу деректері бойынша, түтінді үйдің бірінші қабатындағы көршілер байқап қалған. Өрт шыққан пәтердің есігі ашық тұрған, тұрғындар өз бетінше жалынды сөндіруге кірісіп, полиция шақырған.

Өрт сөндіру кезінде 33 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған. Денесінде зорлық-зомбылық іздері анықталды.

Белгілі болғандай, аталған жайт бойынша 35 жастағы күдікті ұсталып, екі айға қамалды.

Болжам бойынша, ол жанжал кезінде сүйіктісінің басынан бірнеше рет металл құбырмен ұрған. Кейіннен келіншектің көз жұмғанын түсінген соң, пәтерге жанғыш сұйықтық төгіп, өртеп жіберген. Сөйтіп оқиға орнынан ізін жасырған.

Ресей қылмыстық кодексінің 105 бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сарыағашта тұрмыстағы келіншекпен көңіл қосқан жігіттің өлім құшқанын жазғанбыз.

Түркістан облысының тұрғыны Болат Баймұрзаев жергілікті тәртіп сақшыларының жұмысына көңілі толмайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, 27 жастағы інісі Әуезханды көз алдында өлімші етіп сабаған қылмыскерлер әлі күнге жазасын алмай жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864839-omby-trgyny-aagy-auyr-sjiktisin-ltirip-denesin-rtep-zibergen-dep-kdiktelude/

pixel