RU

Алматыда дәрігерлер өкпесінің 96 пайызы қабынған әйелді аман алып қалды

Telegram logo VKontakte logo

Алматылық дәрігерлер өкпесінің 96 пайызы қабынған 56 жастағы әйелді аман алып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда дәрігерлер өкпесі 96% зақымданған әйелді аман алып қалды

Көрнекі фото: azh.kz: UGC

Алматы денсаулық сақтау басқармасы қалалық Орталық қалалық клиникалық ауруханасына 56 жастағы әйел адам коронавирус инфекциясының ауыр түрімен, екіжақты пневмониямен түскенін мәлімдеді.

Өкпенің компьютерлік томографиясы екіжақты полисегментті қабынуды көрсеткен. Өкпенің қабыну көлемі 96 пайызды құраған. Одан бөлек, жағдай екінші дәрежелі артериялық гипертониямен асқынған.

Пациент бірден жансақтау мен интенсивті терапия бөліміне ауыстырылған. Науқас онда 10 күн жатып, жағдайы жақсарған соң профильді бөлімге жатқызылған.

"Бүгінде пациент өзін жақсы сезінді. Тексерістен өткен соң жергілікті дәрігердің нұсқаулығымен ауруханадан шықты. Ол медициналық бақылауда", - дейді бас дәрігердің міндетін атқарушы Гүлнар Құлқаева.

Тағы да оқыңыздар

ШҚО-да коронавирустан айыққан ер адам ауруханадан шығудан бас тартты

Ал аурудан айыққан әйел адам ақ халаттыларға алғысын жаудырды.

"Мен дәрігерлерге, медбикелерге, санитар қызметкерлерге алғыс айтамын. Олар менің өмірімді сақтап қалды. Екінші рет өмір сыйлағанына рахмет", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжейдің пневмониядан құлан-таза айыққанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматыда дәрігерлер өкпесінің 96 пайызы қабынған әйелді аман алып қалды