Выйти
RU

Шілде айында 42500 теңге алуға өтінішті жұмыс беруші ұсынады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілде айында қазақстандықтарға төленетін 42 500 теңгеге қатысты жаңа талаптар енгізді. Ендігі ереже бойынша, жалдамалы жұмысшылар үшін өтінішті жұмыс беруші ұсынуы тиіс. Бұл туралы министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

42500

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министр Біржан Нұрымбетов шілде айындағы карантинде Қазақстанның әр өңірінде түрлі шектеу шаралары енгізілгенін айтты. Тиісінше, жұмысқа рұқсат беру немесе тыйым салу туралы шешім әр қалада жеке қабылданған.

"Көптеген кәсіпорындар қызметтерін жалғастырып жатыр. Олардың ішінде құрылыс және өнеркәсіптік те бар. Тіпті, қызмет көрсету мен сауда саласында да кейбірі шектеулермен жұмыс істеуде. Оған қоса, әр өңірде шектеудің деңгейі әр түрлі", - дейді министр.

Тағы да оқыңыздар

42 500 теңгенің кімдерге төленетіні белгілі болды

Осыған байланысты, 42500 теңгеге өтініштің "адалдығын" тексеру қиындай түседі. Сол себепті, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа ереже енгізген. Оған сәйкес, өтінішті жалдамалы жұмысшының өзі емес, жұмыс беруші ұсынады.

"Біз жаңа ереже бойынша жалдамалы жұмысшылар үшін тек жұмыс берушінің өтініш беруін ұсынамыз. Ол жалақының сақталуынсыз берілетін демалысқа шыққан жұмысшылары үшін өтініш береді және ақпараттың рас-өтірігіне жауапты болады. Жұмысшыларға өз мәртебелерін тексеру мүмкіндігі беріледі. Олар жұмыс беруші өтініш берген-бермегенін және өтініші қай сатыда тұрғанын біле алады", - дейді министр.

Нұрымбетов өтініштерді портал арқылы "Атамекен" тексеретінін айтты. Себебі, ұйым әр өңірде қандай кәсіпорындар жұмыс істейтінін нақты біледі.

Қазақстандықтардан ТЖ режиміндегідей БЖТ төлеу талап етілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкімет отысында шілде айында әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шілде айында 42500 теңге алуға өтінішті жұмыс беруші ұсынады