RU

42 500 теңге жәрдемақыға өтініштер қашаннан бастап қабылданады

Жұма күннен бастап шілде айына арналған 42 500 теңге жәрдемақыны алуға өтініш беруге болады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Нұрымбетовтың айтуынша, "президенттік" жәрдемақыны үлестіруді өткен жолғыдай мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асырады. Қазір министрлер кабинеті мен Ұлттық банк қорды қаржыландыру мәселесін шешуде.

Сондай-ақ министр екі тәулік ішінде ведомствоның 42 500 теңге жәрдемақыны беру тәртібін бекітетінін атап өтті. Содан кейін құжат мемлекеттік органдардың мақұлдауынан өтіп, әділет министрлігінде тіркелуі тиіс.

Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, барлық порталдар жұма күні өтініштерді қабылдауға дайын болады, ал дүйсенбі 20 шілдеден ақша аудара бастайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкімет отысында шілде айына арналған әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтқан болатын.

Сонымен қатар, үкімет басшысы еңбек министрлігіне азаматтардың жекелеген санатына азық-түлікке ақшалай көмек беруді жалғастыруды тапсырды. Оның сөзінше, бұл санатқа бір миллионнан астам адам кіреді.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864882-42-500-tege-zrdemakyga-tinister-kasannan-bastap-kabyldanady.html