Выйти
RU

Елордада карантинде қонақ шақырып, сауық кешін ұйымдастырған тұрғын ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордада карантин кезінде қонақ шақырып, сауық кешін ұйымдастырған тұрғын қолға түсті. Полицияға түн ортасында Сарайшық көшесінде орналасқан коттеджде шамамен 50 адам жиналған сауық кеші өтіп жатқаны туралы хабар түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Елордада карантин кезінде қонақ шақырып, сауық кешін ұйымдастырған әйел ұсталды

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Полицейлер тексеру барысында 28 жастағы қала тұрғыны жабық сауық кешін ұйымдастырғанын анықтады. Оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін қонақтардың барлығы "Есіл" аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Тексеру нәтижесі бойынша 42 адам Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 441-бабы бойынша жекелеген қоғамдық орында темекі өнімдерін және электрондық сигаретті тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін, 437-бабы бойынша тыныштықты бұзғаны және 440-бабы бойынша алкогольді ішімдік ішкені немесе қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін, сондай-ақ 1 адам 492-бабы бойынша Қазақстанда тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы да оқыңыздар

"Тікелей тыйым жоқ": Ішкі істер вице-министрі елордадағы отшашуға қатысты пікір білдірді

Тергеу барысында сауық кешін ұйымдастырушының бұған дейін елордадағы дәмханалардың бірінде жұмыс істегені анықталды.

Оның жұмыс орны санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмегендіктен жабылған. Сол себепті әйел адам коттедж жалдап, келушілерге әлеуметтік желі арқылы іс-шараның өтетін жерін хабарлаған.

Жалға алушыға қатысты жиналған материалдар процессуалдық шешім шығару үшін Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Айта кетейік, енді Қазақстанда жиын өткізгені үшін мейрамхана иелері ғана емес, той ұйымдастырушылары мен меймандары да жазаланатын болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордада карантинде қонақ шақырып, сауық кешін ұйымдастырған тұрғын ұсталды