Выйти
RU

42500 теңге үшін кімдерге өтініш берудің қажеті жоқ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте 42500 теңгеге мұқтаж емес жандардан өтініш бермеуді сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еңбек министрлігі 42500 теңге кімге берілмейтінін айтты

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Министр азаматтардан өздері жайлы шындыққа жанаспайтын ақпарат бермеуді сұрайды.

"Порталда белгімен көрсететін жазу шығады. Онда азамат өзінің жұмыс істегенін және кірсінен айырылғанын, барлық ақпаратқа өзі жауап беретінін растайды. Егер азаматтың төлемақы алуға құқы болмаса, өтініш берудің қажеті жоқ. Мұны істемей-ақ қойған дұрыс", - дейді Біржан Нұрымбетов.

Оның сөзінше, ТЖ кезінде өтініш беріп, ресми емес жұмыс істегенін айтып, БЖТ төлегендер бар. Сонымен қатар өзі жұмыс істемейтін компанияның ақпараттарын ұсынғандар да болған.

Министр шын мәнінде кірісінен айырылғандар ғана өтініш берсе деген ұсынысын айтты. Сондай-ақ, ол жұмыссыздарға төлемақы берілмейтінін еске салды.

Тағы да оқыңыздар

Декреттік демалыстағылар мен студенттер 42 500 теңге ала ма

Сөз соңында Нұрымбетов жұмыспен қамту орталығына жүгінуді немесе басқа төлемақы алу үшін жұмыссыз ретінде ресми тіркелуді ұсынды.

Айта кетейік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілде айында қазақстандықтарға төленетін 42 500 теңгеге қатысты жаңа талаптар енгізді. Ендігі ереже бойынша, жалдамалы жұмысшылар үшін өтінішті жұмыс беруші ұсынуы тиіс.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42500 теңге үшін кімдерге өтініш берудің қажеті жоқ