Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда 18 жастағы жігітті соққыға жыққан күдікті ұсталды

Опубликовано:

Павлодар қаласында 18 жастағы жігітті аяусыз ұрып-соққан күдікті қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодарда 18 жастағы жігітті ұрып-соққан күдікті ұсталды
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Павлодар қаласында жас жігітті аяусыз соққыға жыққан күдіктілер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұсталған.

Қазіргі уақытта 19 жастағы облыс тұрғыны Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Екінші күдіктіге қатысты оның кәмелет жасына толмағанын ( 17 жас) ескере отырып, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар тұрғыны өзіне тиесілі дәрілер шекрада тәркіленгенін айтқан еді.

Белгілі болғандай Юлия Тепловадан пневмония анықталған алайда ол қаладан өзіне қажетті дәрі-дәрмек табылмаған соң Омбыдағы әпкесінің көмегіне жүгінген.

Әпкесі Ресейден препараттар сатып алып, Қазақстанға бара жатқан жүргізушіге оларды тапсырды. Ол өз кезегінде бірнеше чек салынған пакет пен дәрілерді алып келе жатқан. Алайда оның бәрі шекарада тәркіленген. Анықталғандай, ер адам тасымалдаумен бұған дейін де айналысыпты.

Юлияның айтуынша, олар контрабандамен айналыспаған. Дәрі-дәрмектерді сатылымға қою үшін емес өздері үшін аса қажет болған соң алдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864909-pavlodarda-18-zastagy-zigitti-sokkyga-zykkan-kdikti-staldy-video/

pixel