Выйти
RU

Министрлік грант конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Карантин режимі жағдайында талапкерлерге ыңғайлы болуы үшін білім және ғылым министрлігі білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартты. Құжаттар 20 шілдеге дейін емес, 25 шілдеге дейін қабылданады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік грант конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартты

Көрнекі фото: neonomad.kz: Facebook

Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер Egov.kz "электронды үкімет" порталы арқылы өтініш, білімі туралы құжат, жеке куәлік көшірмесі сынды құжаттарды тапсыру керек. ⠀ Медициналық анықтамалар уақытша талап етілмейді.

ҰБТ сертификаты жүйеде автоматты түрде пайда болады, сондықтан оны Egov.kz-ке жүктеу қажет емес. Ал ҰБТ сертификаттары электронды форматта берілген. ⠀ Конкурс нәтижесі бойынша мемлекеттік гранттың берілгені туралы электронды сертификат ұсынылады. Талапкерлерге қағаз сертификаттарды алу үшін ешқайда барудың қажеті жоқ.

Тағы да оқыңыздар

Карантин аяқталғаннан кейін мектеп формасын кию қайта міндеттеле ме

Гранттарды тағайындау форматы өзгермеген, яғни маусым айында өткен ҰБТ қорытындысы бойынша үміткерлер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады. Осы жылы гранттар оқу тіліне байланысты болмайды.

Айта кетейік, жоғары оқу орындарына талапкерлерді тамыздың 10-25 аралығында оқуға қабылдайтын болады. ЖОО-да білім қашықтан беріледі. Дәстүрлі формат жеке кесте бойынша зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіби практика үшін өткізіледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Министрлік грант конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартты