Выйти
RU

БҒМ: Эпидемиялық ахуал жақсарса, кезең-кезеңімен дәстүрлі оқытуға көшеміз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрлігі эпидемиялық ахуал жақсарған жағдайда дәстүрлі оқыту форматына кезең-кезеңімен көшеді. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-ға сілтеме жасап.

БҒМ: Эпидемиялық ахуал жақсарса, кезең-кезеңімен дәстүрлі оқытуға көшеміз

Көрнекі фото: pixabay.com

"Ең алдымен, бұл жағдайда балалар мен педагогтардың, жалпы халықтың денсаулығын ескеруіміз қажет. Білім беру саласындағы құзырлы орган ретінде министрліктің сапалы білім мен балалардың денсаулығы арасында теңгерім табуы қажеттігін, оған жауапты екендігімізді түсінеміз. Санитарлық-эпидемиялық ахуалға қарай әр аймақта оқыту форматын ауыстыру бойынша шешім қабылданады. Яғни, жалпы республика бойынша ортақ бір шешім қабылданбайды. Барлығы санитарлық-эпидемиялық ахуалға байланысты болады", – деді вице-министр "Атамекен" ҰКП өткізген онлайн жиналыста.

Оның айтуынша, министрлік дәстүрлі оқыту форматына кезең-кезеңімен көшу бойынша жоспар әзірлеп қойған.

Тағы да оқыңыздар

Аймағамбетов Қазақстандағы балабақшалардың жұмысы туралы айтты

"Егер санитарлық жағдай жақсарса, ең алдымен 1-5 сыныптар оқу процесіне кіріседі. Бұл уақытта 6-11 сыныптар қашықтан оқытылады. Жағдай тағы жақсара түссе, 6-11 сыныптар да штаттық режимге көшіріледі. Мектептерде санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталады", – деді Шолпан Қаринова.

Еске салсақ, Білім және ғылым министрі жаңа оқу жылында мектеп оқушылары сияқты, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері де қашықтан білім алатынын мәлім етті. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында айтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҒМ: Эпидемиялық ахуал жақсарса, кезең-кезеңімен дәстүрлі оқытуға көшеміз