Выйти
RU

UFC басшысы Жұмағұлов қатысқан турнирдің төрешілерін сынға алды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың қатысуымен өтетін турнирдегі төрешілер алқасының жұмысына өз наразылығын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

UFC басшысы Жұмағұлов қатысқан турнирдің төрешілерін сынға алды (видео)

Дана Уайт. Фото: Видеодағы кадр

Төрешілердің даулы шешімі әлі талқылау үстінде. Ендігі UFC басшысы Дана Уайт та бұл туралы сөз қозғады. MMAFigtingsonSBN арнасының хабарлауынша, ол баспасөз конференциясында соңғы турнирдегі төрешілер тақырыбын көтерді.

Қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва болған қазақстандықтың дебютті жекпе-жегін бағалаған адамдар сынның астында қалды. Сонымен қатар, Уайт Макс Холлоуэй мен Алекс Волкановский жекпе-жегіндегі төрешілердің шешіміне наразылығын білдірді, сонымен қатар промоушн жетекшісі ресейлік Петр Янға чемпион атағын алып келген жекпе-жекті де елеусіз қалдырмады.

Жалғас Жұмағұлов пен Раулиан Пайва арасындағы жекпе-жек кезінде төрешілердің жұмысын сынға алды. Ресейліктің жекпе-жегіне келер болсақ, Уайт төреші бұл жекпе-жекті ертерек тоқтатуы керек деді, өйткені бразилиялық Ресей спортшысынан орасан зор соққылар алған.

Тағы да оқыңыздар

Техаста "Ковид кешке" барған 30 жастағы азамат қайтыс болды

Еске сала кетсек, қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі жеңіліспен аяқталған еді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте жеңіс төрешілер шешімімен бразилиялыққа берілді. Шешім өте даулы болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
UFC басшысы Жұмағұлов қатысқан турнирдің төрешілерін сынға алды (видео)