Выйти
RU

Декретте отырған аналарға 42 500 теңге төлене ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов декреттік демалыста отырған әйелдерге шілде айы үшін әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы шешім әлі қабылданбағанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бұл туралы министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Оның сөзінше, әлеуметтік төлем төлеу кезінде декреттегі аналар назардан тыс қалмайды.

Сонымен қатар, Нұрымбетов "декреттегілер" деген бөлек санат жоқ екендігін түсіндіріп, төлем жалдамалы жұмысшы мен жеке кәсіпкер немесе өзін өзі жұмыспен қамтығандарға, жалпы табысынан айырылғандарға төленетінін атап өтті.

"Сол себепті декретте отырғандарға қатысты белгілі бір мәселе бар, біз қазір оны ойластырып жатырмыз. Аталған жағдайда біз бұл санатты ескереміз. Бейсенбі күні олар үшін қандай тетік қолданылатынын хабарлаймыз", – деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Тағы да оқыңыздар

Карантинде жұмыссыз қалмаса да, 42 500 теңгеге өтінім бергендер жазалана ма

Соңғы деректерге жүгінсек, Қазақстанда COVID-19 вирусы алпыс мыңға жуық адамнан анықталды.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы елдегі коронавирус жағдайына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылатынын мәлімдеді.

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деп жазды ол.

Одан бөлек, президент шілде айында мұқтаж жандарға 42 500 теңге төленетінін хабарлады.

"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді", - деп жазды президент желіде.

Тағы да оқыңыздар

42 500 теңгенің кімдерге төленетіні белгілі болды

Ал еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтініштер қашаннан бастап қабылданатынын айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Декретте отырған аналарға 42 500 теңге төлене ме