Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ телевизиясының дамуына үлес қосқан белгілі журналист көз жұмды

Опубликовано:

Қазақ телевизиясының даму жолында аянбай тер төккен журналист, продюсер, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Элла Цой өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Фото: Қазақстан ұлттық арнасы
Фото: Қазақстан ұлттық арнасы: Instagram

Ол 40 жылдай уақыт бойы Қазақстан ұлттық арнасында жұмыс істеген.

Элла Цой еңбек жолын 1978 жылы бастап, журналист, әкімші, бағдарламалар директоры қызметтерін атқарды.

"Еліміздегі бірлік пен ынтымақты, ауызбірлікті насихаттаған "Менің Қазақстаным" бағдарламасының жетекшісі болды. Оның әр жобасы телеарнаның "Алтын қорында" сақтаулы. "Қазақстан" РТРК" АҚ ұжымы Элла Цойдың жақындары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

KAZ.NUR.KZ порталының редакциясы Элла Цойдың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.

Еске сала кетсек, коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты кеше Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1864944-kazak-televiziasyny-damuyna-les-koskan-belgili-zurnalist-kz-zmdy/

pixel