Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бір қаласында блок-бекеттер қайта қойылатын болды

Опубликовано:

Алматы облысы Текелі қаласына блок-бекеттер түнде қайта қойылды. Коронавирус жұқтырған науқастарды емдеген жергілікті дәрігерлердің оқшаулау орнына емес, өз үйлеріне барып тыныққаны бұған себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Телеарна мәліметінше, бұдан бөлек, 140 адам жатқан провизорлық орталықты тексеру кезінде бірқатар олқылық анықталған. Осыған байланысты кеше түнде қалаға блок-бекеттер қойылды.

  • Енді 10 күн бойы кенді шаһар аумағына кіріп-шығатын азаматтардың барлығы тіркелген мекенжайы бойынша тексерілмек.
  • Жолаушылар мен жүргізушілердің дене қызуы өлшенеді.
  • Санитарлық талаптардың қайта күшейтілуі індеттің өзге аудан қалаларға таралмауы мақсатында жасалып отыр.
  • Қауіпсіздік шараларымен қатар өңірде қосымша дәрі-дәрмек қорын алып, ауруханаларға тарату жоспарланған. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан қомақты қаражат қарастырылған.
"Ауруханалар мен емханаларды дәрі дәрмекпен қамту үшін облыс әкмінің шешімімен жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Оған вирусқа қарсы антибиотиктарды алатын боламыз", - деді облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы елдегі коронавирус жағдайына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылатынын мәлімдеді.

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деп жазды ол.

Одан бөлек, президент шілде айында мұқтаж жандарға 42 500 теңге төленетінін хабарлады.

"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді", - деп жазды президент желіде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864946-elimizdi-bir-kalasynda-blok-beketter-kajta-kojylatyn-boldy/

pixel