Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қос қанатыңды жұлып әкетті": Әбдіхалықов досы Саят Медеуовке көңіл айтты

Опубликовано:

Отандық танымал актер Сәбит Әбдіхалықов ата-анасынан айырылған әнші Саят Медеуовке қайғыра көңіл айтты. Ол өнердегі досын мұндай аса ауыр жағдайда қалай жұбатарын, тіпті оған қандай сөздер айтарын білмей отырғанын жасырмады. Эстрада жұлдызы алдымен анасын жерлеп, екі аптадан соң асқар тауы әкесін мәңгі сапарға аттандырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото:Instagram/sabit_abdykalykov.
Фото:Instagram/sabit_abdykalykov.: Instagram

Сәбит Әбдіхалықов сұм ажал салдарынан қос қанатынан айырылған досының қайғысына ортақтасып, Instagram желісінде жүрекжарды жазба жариялады. Онда ол өнердегі бауырына жиі көңіл айтқан өзіне аса ауыр тигенін жеткізді.

Оған қоса, белгілі актер әнші досының әкесі жайлы естеліктерімен бөлісіп, оның қандай адам болғанын айтып берді.

"Саятжан, бауырым, қабырғаңды қайыстырып, сұм індет қос қанатыңды да жұлып әкетті-ау. Тас түскен жеріне ауыр. Бекем болшы, бауырым. Жақыныңа жиі көңіл айтудан асқан қасірет жоқ екен-ау бұл бақида. Не дерімді, не деп жұбатарымды білмей далмын.
Көкем жақсы адам еді. Парасатты қария еді. Өмірлік жолдасының соңынан ере барды ғой. Жандары пейіште шалқығай. Иманды болсын. Алла рахымына алсын. Досым, қайғырып көңіл айтудан басқа амал не?! Бекем бол" , - деп желіде көңіл айтты Сәбит Әбдіхалықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1864951-kos-kanatydy-zlyp-ketti-bdihalykov-dosy-saat-medeuovke-kil-ajtty/

pixel