Выйти
RU

Қауіпті індетпен күресте көз жұмған елордалық дәрігер орденмен марапатталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елорда әкімдігінде коронавирус эпидемиясымен күрес барысында өлшеусіз еңбек еткен медицина қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қауіпті індетпен күресте көз жұмған елордалық дәрігер орденмен марапатталды

Фото: elorda.info: Facebook

Елордадағы көпбейінді медициналық орталықтың хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған Олжабай Қожағалиев жақында көз жұмған болатын.

Індетпен күрес кезеңінде қаза тапқан дәрігер «Парасат» орденімен марапатталды. Арнайы марапатты қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәрігердің ұлы Арман Қожағалиевқа табыстады.

  • Олжабай Қожағалиев 1958 жылы 1 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Өмірінің 34 жылын өз мамандығына арнаған.

Аудандық аурухананың дәрігерінен бастап астаналық емхананың хирургия бөлімінің меңгерушісіне дейін еңбек жолын жүріп өткен.

1986 жылдың шілдесінен 1987 жылдың қыркүйегіне дейін Мамлүт орталық аудандық ауруханасында хирургы; 1987 жылдың қыркүйегінен 1991 жылдың тамызына дейін аудандық ауруханаларда хирург болды.

Тағы да оқыңыздар

Комиссия карантинді 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады

1991 жылдың тамызынан 1997 жылдың тамызына дейін Кореев аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі;

1997 жылдың қыркүйегінен 1999 жылдың сәуіріне дейін диагностикалық бөлімнің эндоскописті;

1999 жылдың сәуірінен 1999 жылдың желтоқсанына дейін Астана қаласының Медициналық қызметтерге ақы төлеу орталығы департаментінің медициналық қызметтер сапасын басқару бөлімінің жетекші маманы;

1999 жылғы желтоқсаннан 2000 жылғы маусымға дейін елордалық медициналық қызметтер департаментінің медициналық-аналитикалық бөлімінің сарапшы хирургі-бас маманы;

2000 жылдың маусымынан 2009 жылдың наурызына дейін іріңді хирургия бөлімінің меңгерушісі; 2009 жылдың наурызынан 2015 жылдың тамызына дейін хирургия бөлімінде хирург;

2015 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №2 көпсалалы медициналық орталығы хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Тағы да оқыңыздар

Аягөздегі әлеуметтік орталықта тәрбиеленушілер мен қызметкерлер КВИ жұқтырған

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қауіпті індетпен күресте көз жұмған елордалық дәрігер орденмен марапатталды