RU

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 64 мыңға жуықтады

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1759 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 63 514-ға жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook
"Қазақстанда өткен тәулікте 1759 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 844 адамда клиникалық белгілері жоқ", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 250 / 103

Алматы қаласы - 229 / 43

Шымкент қаласы - 28 / 13

Ақмола облысы - 42 / 25

Ақтөбе облысы - 196 / 158

Алматы облысы - 82 / 65

Атырау облысы - 179 / 151

Шығыс Қазақстан облысы - 139 / 61

Жамбыл облысы - 79 / 42

Батыс Қазақстан облысы - 98 / 58

Қарағанды облысы - 98 / 35

Қостанай облысы - 45 / 21

Қызылорда облысы - 53 / 10

Маңғыстау облысы - 38 / 24

Павлодар облысы - 88 / 18

Солтүстік Қазақстан облысы - 75 / 2

Түркістан облысы - 40 / 15

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы елдегі коронавирус жағдайына байланысты карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылатынын мәлімдеді.

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864953-elimizde-koronavirus-zktyrgandar-sany-64-myga-zuyktady.html