Выйти
RU

"Бірінші болып ілінеді": Алмас Кішкенбаев қыздарына қатысты арманын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Алмас Кішкенбаев салынып жатқан үлкен үйіне көшкен бойда ең алдымен не істемек ойы бар екенін айтты. Өнер иесі желідегі жанкүйерлеріне бұрыннан келе жатқан асқақ арманымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото:Instagram/a.kishkenbaev.

Фото:Instagram/a.kishkenbaev.

Біраз уақыт бойы сахнадан алыстап кетіп, қайта оралған Алмас Кішкенбаев жанкүйерлерімен байланысын жандандыруда. Әнші желіде барынша белсенділік танытып, өз сырларымен бөлісуде.

Бұл жолы эстрада жұлдызы жаңа зәулім үй салып жатқанын айтып, оның құрылысы біткен бойда қабырғаға қос қызының фотосын іліп қоятынын жеткізді. Кішкенбаев көпшілікке тіпті перзенттерінің қай суретін таңдағанын көрсетіп, оның ерекшелігі неде екенін түсіндіріп өтті.

"Үлкен үйді үді соғып бітіргенде, дәл осы сурет бірінші болып үйде ілінеді. Өзіме ерекше қатты ұнайды. Дәл осу фотода Зеренің сабырлығы, Калиманың еркелігі, екеуініңде көзінде маххабат көрінетіндей" , - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Тағы да оқыңыздар

Ләйлә Сұлтанқызы: Пандемия менің де туыстарымның ішінен көп адамды алып кетті

Айта кетейік, бұған дейін Алмас Кішкенбаев желідегі оқырмандарын ашық әңгімеге тартып, қызу талқыға түсті. Ол сүйісіп тұрған жандардың видеосын жариялап, оның астында екі ойлы жазба қалдырған. Көпшілік әнші жүктеген бейнежазбаға қатысты наразылығын білдірген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бірінші болып ілінеді": Алмас Кішкенбаев қыздарына қатысты арманын айтты