Выйти
RU

"Бір ай бойы ем алдым": Әлішер Кәрімов коронавирустан жазылып шықты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Әлішер Кәрімов коронавирус инфекциясынан толығымен айықты. Қауіпті вирусты жұқтырып алған әнші одан бір ай көлемінде үйінде оқшауланып емделген. Нәтижесінде өнер иесі індетті жеңіп шыққан. Оның тапсырған соңғы тесті теріс нәтиже көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/alisher_k.

Фото: Instagram/alisher_k.

Әлішер Кәрімов коронавирустан жазылып шыққанын Instagram желісінде хабарлады. Ол жеке парақшасында арнайы видео жариялап, қандай ем қабылдағанымен бөлісті.

Айта кетерлігі, өнер иесі қауіпті індетті жұқтырғанын оқырмандарына айтпаған болатын.

"Сәлем достар, көріспегелі көп болды. Сіздерді сағынып қалдым. Өкініштісі вирус мені де айналып өтпеді. Мен бір ай бойы үйде оқшауланып, үйде емделдім. Маған түрлі система салды. Көптеген дәрі ішіп, витаминдер қабылдап, иммунитетімді барынша күшейттім. Кеше мен тағы да қайталап тест тапсырдым. Нәтижесі теріс болып шықты. Әрқайсыңызға денсаулық тілеймін" , - деді Әлішер Кәрімов.

Тағы да оқыңыздар

Жапонияда оқыған қазақ дәрігері коронавирустан емделудің жолдарын көрсетті

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Айқын Төлепберегн де коронавирус жұқтырып алған болатын. Өнер иесі бірнеше күн бойы ауруханада жатып, ем қабылдаған. Дәрігерлердің арқасында жағдайы жақсара түскен жұлдыз бүгінде емханадан шығып, үйіне оралған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бір ай бойы ем алдым": Әлішер Кәрімов коронавирустан жазылып шықты (видео)